Жан мен Тән

Бизнес ассистент (қазақ тілінде)

От 200 000 KZT
  • Алматы
  • Полная занятость
  • Полный день
  • От 1 года до 3 лет
  • Исполнение личных поручений руководителя
  • Организация делопроизводства
  • Русский — B2 — Средне-продвинутый
  • Казахский — C2 — В совершенстве

Бизнес-ассистентке вакансия

Локация: Алматы қаласы

Жұмыс кестесі: 6/1 (алты күн жұмыс, бір күн демалыс)

Жалақы: Әңгімелесу барысында анықталады

Негізгі міндеттері:

• Компьютермен және интернетпен белсенді жұмыс істеу

• Басшылық берген тапсырмаларды шұғыл әрі сапалы орындау

• Құжаттарды өңдеу және мәліметтерді жүйелеу

• Электронды поштамен, мессенджерлермен және басқа да байланыс құралдарымен жұмыс істеу

• Онлайн кездесулерді ұйымдастыру және келіссөздерді жүргізу

Талаптар:

• Компьютерлік сауаттылық (Microsoft Office, Google Docs, электронды поштамен жұмыс)

• Жауапкершілік пен жылдамдық

• Байланысқа бейім, іскерлік хат алмасуды меңгерген болуы

• Өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті жоғары

• Жоғары жауапкершілік және пунктуалдылық

• Қазақ және орыс тілдерін жетік білу (қосымша ағылшын тілі артықшылық болады)

• Жақсы жұмыс жасағанда мини проекттерге жауапты болып бонус алып жақсы табысқа шығу мүмкіндігі

Проект туралы:
Біз жаңа әлеуметтік медиа-жобаны іске қосып жатырмыз — бұл жоба Қазақстандағы маңызды тақырыптарды қозғайды: экология, жастардың дамуы, саналы өмір салты, ұлттық құндылықтар. Біздің мақсатымыз — қоғамдық пікір қалыптастыру, жастардың назарын маңызды мәселелерге аудару және шынайы өзгерістерге себепкер болу. Жоба түрлі форматта жүзеге асады: әлеуметтік желідегі бейнематериалдар, сұхбаттар, қоғамдық іс-шаралар, еріктілер қозғалысы.

Кімге лайық:
Егер сіз белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті мықты, әлеуметтік маңызы бар істерге үлес қосқыңыз келсе — бұл жоба сізге арналған.

Шарттар:

• Жеке және кәсіби дамуға қолдау

• Тұрақты табыс және сыйақылар

Егер сіз жоғарыда аталған талаптарға сай болсаңыз, біз сізді өз командамызға шақырамыз!