Sabaq.online

Куратор

От 90 000 KZT
  • Астана
  • Полная занятость
  • Полный день
  • Нет опыта
  • Дистанционное обучение
  • Групповое обучение

Куратор вакансиясы (1–3 курс студенттері үшін)
Sabaq.online – ҰБТ-ға дайындайтын онлайн-білім беру орталығы

Sabaq.online — Қазақстандағы ең ірі білім беру орталықтарының бірі. 3 жыл ішінде біз 20 000-нан астам оқушыны дайындап, олардың 97%-ы грантқа түсті. Бүгін біздің командамызға білім саласында шын мәнінде өзгеріс жасағысы келетін, жауапкершілігі жоғары, белсенді кураторлар қажет

Міндеттеріңіз:

  • Оқушылармен күні бойы (сағат 09:00–23:00 аралығы, кезекпен) онлайн байланыста болу

  • Әр оқушыға жеке оқу жоспарын жіберу және орындалуын қадағалау

  • Үй тапсырмаларын тексеріп, әр оқушыға мазмұнды кері байланыс беру (50 оқушыға дейін)

  • Дедлайн мен прогресті бақылау, нәтижелерін талдау

  • Тікелей эфирлер өткізу, сынақтар алу және үлгерім бойынша есептер дайындау

  • Ата-аналармен байланысып, оқушының нәтижесі туралы кері байланыс беру

  • Кафедра меңгерушісіне апта сайын есеп тапсыру

  • Жүйені жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу, кафедра жұмысына белсенді қатысу

  • Командалық жобаларға қатысып, идеялар ұсыну

Бізге қажет үміткерлер:

  • 1–3 курс студенттері

  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген

  • Жаз мезгілінде міндетті түрде Астанада болып, аптасына екі рет кеңсеге келу қажет. Қалған уақытта қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар

  • Таңдау пәндерін жақсы біледі

  • Оқушыға мотивация бере алады, тақырыпты түсіндіріп, қолдау көрсетіп, келіссөз жүргізе алады

  • Жауапкершілігі жоғары, айналасына қарым-қатынасы жақсы, белсенді

  • Үнемі байланыста болуға дайын, оқушылар сұранысына жедел жауап бере алады

  • Уақытты тиімді басқаруды біледі

  • Сатылым жасау, тәлімгерлік немесе білім беру саласында тәжірибенің болуы артықшылық боп қарастырылады

Маңызды:
студенттер, магистранттар және 4 курс студенттерінің анкетасы (егер тәжірибесі болмаса) қарастырылмайды.
4 курс студенттері тек білім беру бойынша немесе кураторлық тәжірибесі болған жағдайда ғана қабылданады.

Шарттар:

  • Тұрақты жалақы: айлық және бонус жүйесі

  • Жұмыс ноутбугы және балансы толтырылатын қызметтік телефон

  • Қаланың орталығындағы жайлы кеңсе

  • Команданың қолдауы, тәлімгерлік және оқыту

  • Кәсіби даму мен өсу мүмкіндігі

Қалай өтініш беру керек:

Өтінішпен бірге қысқаша хат жазып жіберіңіз:
– Жасыңыз?
– Қай курста оқисыз?
– ҰБТ-да таңдау пәндеріңіз және нәтижеңіз қандай болды?
– Неліктен куратор болғыңыз келеді?

Бос орын 23 тамызға дейін ашық. Өтінішіңізді асықпай, мұқият дайындап жіберіңіз. Біз сізді күтеміз!