“DARYN STUDY” Спорт және өнер-білім орталығында - Білікті ұстаздар мен тәжірибелі жаттықтырушылар. Балалардың дарынын дамыту. Негізгі бағыттар: Балаларға білім беру, спортқа баулу, шығармашылық дамыту, нәтижеге шығару.
-
Біз өзімізді жақсы жағынан көрсеттік - біздің оқушыларымыздың нәтижелері бұған дәлел.
Ай сайын біздің оқушыларымыз көбеюде. Орталығымыздың қарқынды дамуына байланысты біздің командамызға мықты маман - Офис менеджер іздейміз
Біз кімді іздейміз? .
Өз ісінің маманы. Командамен жұмыс жасай алатын жүйелі адам. Тәрбиелі, тартымды, ұқыпты
-
Жалпы Міндеттері:
-
Офис-менеджер — оқу орталығының әкімшілік қызметін ұйымдастыру мен қолдауға жауапты қызметкер.
-
Ол орталықтың ішкі тәртібінің, құжат айналымының және клиенттермен байланыстың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
-
Негізгі міндеттері
1. Әрбір желіден келген хаттарға (ватсап, инстаграм) және телефон қоңырауларына жауап беру. консультация беру. Кері Байланыс жасау -
2. Орталыққа келушілерді (ата-аналар, оқушылар, қонақтар) жылы қарсы алу, сұрақтарына жауап беру.
-
3. Оқушыларды қабылдау, тіркеу, келісім шарт жасау және топтарға бөлу процесін жүргізу. ( amoCRM арқылы жұмыс жасау.)
4. Клиенттердің төлемдерін қадағалау, түбіртек беру.
5. Мұғалімдердің және тренерлердің жұмыс кестесін қадағалау, қажетті ақпаратты уақтылы беру.
6. Кеңсе тауарлары мен керек-жарақтарды реттеу, тапсырыс беру.
7. Апта, Ай сайын оқушы саны, жалпы айналым, төлем бойынша есеп беру.
8. Ішкі тәртіп пен тазалықты қадағалау.