1Fit — бұл жай ғана компания емес, бұл — өмір сәні!
Біз — Қазақстаннан шыққан халықаралық IT-компаниямыз. Қазірдің өзінде Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан нарықтарын бағындырдық. Ал бұл — тек бастамасы! 🚀
Біз өсіп, дамып келеміз және командаға қызықты идеялар ойлап тауып, оларды жүзеге асыра алатын креативті менеджер іздейміз
Сіздің міндеттеріңіз келесідей болады:
- Қазақтілді аудиторияны еліктіру үшін таргет пен әлеуметтік желілерге арналған сценарийлер жазу;
- Әртүрлі тақырыптарда виралды роликтер жасау;
- Трендтегі видеоларды тауып, оларды біздің нишаға бейімдеу;
- Статистиканы талдап, сәтті контент санын көбейту;
- Тақырыптарды ашу үшін сарапшылармен (+актермен) қоңыраулар өткізу;
- Командамен бірлесе жұмыс істеп, өз идеяларын жеткізу;
- Контентті 1 айға алдын ала жоспарлау.
Талаптар:
- Қазақ мәдениетін, контентін білу және ақпараттық алаңдағы оқиғалардан хабардар болу;
- Сценарий жазу тәжірибесі;
- Аналитиканы түсіне білу: не себепті видео өтті және оны қалай қайталау керек;
- Өз бетінше ойлана алу және шешім қабылдау қабілеті;
- Дедлайндарды сақтау;
- Орыс тілін білу.
Біз ұсынатынымыз:
- Барлық спорт түрлеріне арналған 1Fit абонементі — йога, бассейн, жаттығу залы немесе бәрін бірге таңда!
- Жемісті бейсенбі — әр апта сайын дәруменге толы энергия!
- Медициналық сақтандыру — сынақ мерзімін сәтті өткеннен кейін.
- Жұмыс пен демалысқа арналған кеңсе — үстел теннисі, PlayStation 5, массаж орындық және үстел футболы.
Жұмыс кестесі: 5/2, толық жұмыс күні, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін, кеңседе.
P.S. Егер сен тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, брендті танымал әрі сүйікті ететін креатив ойлап тапқың келсе — «Откликнуться» батырмасын бас. Керемет жобаларды бірге жасайық! 💙