125 HIGH SCHOOL

Академиялық бөлім басшысы (Бас кеңседен мектептерді қадағалау)

От 600 000 KZT
  • Алматы
  • Более 6 лет

Міндеттері:

  • Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету

  • SIT, BI (Baccalaureate International), IELTS, TOEFL, Cambridge халықаралық білім беру және бағалау жүйелерін білу және оларды оқу үдерісіне енгізу мүмкіндіктерін үйлестіру

  • Халықаралық бағдарламаларға сәйкес оқу жоспарларын, силлабустарды және академиялық талаптарды бейімдеу

  • Оқу бағдарламалары мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардың орындалуын қадағалау

  • Мұғалімдердің халықаралық стандарттарға сай кәсіби дамуын ұйымдастыру

  • Cambridge, IELTS, TOEFL форматындағы емтихандарға дайындық үдерісін үйлестіру

  • Сабақтарға қатысу, білім беру сапасын талдау және нәтижелері бойынша әдістемелік ұсыныстар беру

  • Оқушылардың білім сапасын, академиялық прогресін және халықаралық бағалау нәтижелерін мониторингтеу

  • Аралық және қорытынды бақылауды халықаралық талаптармен үйлестіру

  • Оқу құжаттамасының (журналдар, есептер, академиялық есептемелер) дұрыс жүргізілуін бақылау

  • Халықаралық білім беру ұйымдарымен, емтихан орталықтарымен өзара ынтымақтастық орнату

  • Жаңа педагогикалық технологиялар мен халықаралық озық тәжірибелерді енгізу

  • Мектеп әкімшілігіне оқу үдерісі бойынша талдамалық есептер ұсыну

Талаптар:

  • Педагогикалық немесе басқару саласында жоғары білім;

  • Ұйымдастырушылық қабілет және жауапкершілік;

  • Командалық жұмысты үйлестіру тәжірибесі;

  • Цифрлық платформалармен жұмыс істей білу;

  • Қарым-қатынас жасау дағдылары (оқушылармен, ата-аналармен, кураторлармен).

Жұмыс шарттары:

  • Толық жұмыс күні;

  • Тұрақты айлық жалақы;

  • Дамушы білім беру мекемесінде кәсіби өсу мүмкіндігі.