WonderBook
Қазақ тіліндегі мини-бақшаға маман көмекшісі
150 000 - 180 000 KZT
- Обучение и развитие
- Казахский — C1 — Продвинутый
The Little балалар клубы 3-5 жастағы балалармен жұмыс істейтін маман көмекшісін өз командасына шақырады.
Негізгі міндеттері:
- маманға сабақ өткізу барысында көмектесу;
- сабақ кезінде балаларға бақылау жасап, тапсырмаларды орындауға көмектесу;
- сабаққа қажетті материалдар мен сыныпты алдын ала дайындау;
- оқу және шығармашылық материалдарды басып шығару, дайындау және реттеу;
- сабақ жоспарына сәйкес қажетті материалдарды қиып, дайындап, ретімен орналастыру;
- ойындар, шығармашылық және дамытушы іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу;
- жұмыс күні барысында сыныптағы тазалық пен тәртіпті сақтау;
- сабақтан кейін материалдарды жинап, ретке келтіру;
- оқу процесін дайындау және ұйымдастыруға байланысты ағымдағы жұмыстарды орындау.
Біз кімдерді іздейміз:
- қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлейтін;
- балаларды жақсы көретін және оларға құрметпен қарайтын;
- жауапты және мұқият;
- ұқыпты әрі таза;
- ұйымдастырушылық қабілеті бар және тәртіпті сақтай алатын;
- бастамашыл, яғни не дайындау немесе не істеу керектігін өздігінен байқап, алдын ала әрекет ете алатын;
- балалармен жұмыс тәжірибесі болса, артықшылық болып саналады.
Жұмыс шарттары:
- жұмыс кестесі: 5/2;
- жұмыс уақыты: 09:00-18:00;
- жалақы: 150 000-180 000 тг;
- жұмыс орны: Атырау қаласы, Абулхайр хан көшесі, 65;
- балалардың жасы: 3-5 жас.
Егер сізді вакансия қызықтырса, өзіңіз туралы қысқаша ақпарат пен байланыс нөміріңізді жіберіңіз. Сәйкес кандидаттармен қосымша байланысып, келесі кезең туралы хабарласамыз.