Daryn Online – НИШ, БИЛ және Дарын мектептеріне дайындайтын Қазақстандағы жетекші онлайн білім беру платформаларының бірі. Қазіргі таңда мыңдаған оқушының сапалы білім алуына үлес қосатын кәсіби командамызға белсенді әрі жауапты тіркеу менеджерлерін іздейміз.
Тіркеу маманы - сату жұмысына қатыспайды, тек ата-аналармен байланыс жасайды.
Біздің командамызға жауапты, белсенді және адамдармен қарым-қатынас жасауды ұнататын мамандар қажет.
Міндеттері:
- Алматы қаласынан болу
- Жаңа клиенттерге хабарласып, кеңес беру;
- Клиенттерді жүйеге тіркеу және ақпарат беру;
- Жиналысқа қатысуын бақылау
- CRM жүйесімен жұмыс істеу;
Біз кімдерді іздейміз?
- Қазақ тілінде еркін сөйлейтін;
- Коммуникациясы жақсы;
- Жауапкершілігі жоғары;
- Ноутбукты еркін қолдана алатын;
- Сату саласындағы тәжірибе болса – артықшылық (міндетті емес).
Біз Сізге ұсынамыз:
- Жалақы: 200 000-300 000
- Ай сайынғы және апталық,күндік бонустар;
- Мансаптық өсу мүмкіндігі;
- Жастардан құралған, қолдаушы ұжым;
- Компания есебінен тимбилдингтер мен корпоративтік іс-шаралар;
- Заманауи әрі жайлы кеңсе;
Жұмыс кестесі: 6/1 (студенттерге гибкий график )
11:00 – 19:30
Егер адамдармен жұмыс істеуді ұнатсаңыз, дамуға және жақсы табыс табуға дайын болсаңыз – біз Cізді командамызда күтеміз! 🌷