QM

Сервис бөлімінің басшысы (Оқыту орталығы)

300 000 - 500 000 KZT
  • Астана
  • От 1 года до 3 лет

Бос орын: Сервис жетекшісі / Академиялық бағыт менеджері (QADAZ) — БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ! Оқу орталығында ТӘЖІРБИЕСІ БАРЛАР ҚАЖЕТ!

Біздің миссиямыз: «Шынайы өмірге дайын, креативті тұлғаларды қалыптастыру». Біз оқушыларды тек тестке дайындап қана қоймай, болашаққа шынайы түрде бейімдейміз: жоғары сынып оқушыларымыз нақты компанияларда стағы өтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік алады.

Сандардағы жетістіктеріміз:

  • 5 500+ түлек оқуды сәтті аяқтады.

  • Оқушылардың 96,7%-ы дизайн, журналистика, архитектура, актерлік шеберлік және режиссура бағыттары бойынша мемлекеттік грант иегері атанды.

QADAZ командасы сервисімізді дамытуды өз қолына алатын жүйелі де жауапты жетекші іздейді. Біздің мақсатымыз — әрбір оқушының оқу процесіне көңілі толуы, уақтылы қолдау алуы және соңына дейін бізбен бірге қалуы. Егер сіз команданы басқаруды, процестерді «нөлден бастап» реттеуді білсеңіз және нәтиже үшін күрделі міндеттерді шешуді шынайы ұнатсаңыз — біз сізді күтеміз!

Міндеттеріңіз:

  • Команданы басқару: Сервис командасына жетекшілік ету, кураторлардың жұмысын және олардың оқушылармен қарым-қатынас сапасын бақылау.

  • Сапаны бақылау: Оқушылардың қанағаттану деңгейін (NPS) мониторинг жасау және олардың оқудан бас тартып кетуінің (отток) алдын алу.

  • Жүйелендіру: Бәрі сағат сияқты жұмыс істеуі үшін сервис стандарттарын әзірлеп, енгізу.

  • Мәселелерді шешу: Шағымдармен, күрделі жағдайлармен және жанжалдармен жедел түрде жұмыс істеу.

  • Аналитика: Сервис көрсеткіштерін талдау, есептер дайындау және ұстап қалу (удержание) көрсеткішін өсіру үшін жақсарту жұмыстарын бастамашыл түрде көтеру.

  • Оқыту: Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін кураторлардың құзыреттерін дамыту.

Біздің талаптарымыз:

  • Басқару тәжірибесі: Команданы басқару тәжірибесі және адамдар арқылы нәтижеге жету жолдарын түсіну.

  • Жүйелілік: Процестерді тұтастай көре білу, жұмысты нөлден бастап құрып, істі соңына дейін жеткізу.

  • Аналитикалық көзқарас: Сандармен жұмыс істей білу (бас тартып кету, қайтарулар, NPS) — сіз үшін шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

  • Клиентке бағдарлану: Шынайы эмпатия және оқушының сұранысын шешуге деген ұмтылыс.

  • Қарым-қатынас: Келіссөз жүргізудің мықты дағдылары, өткір бұрыштарды тегістей білу.

  • Тіл: Қазақ тілін еркін меңгеру.

Шарттары:

  • Жұмыс кестесі: Күн сайын (Дүйсенбі–жұма), 10:00 ден 19:00 ге дейін.

  • Жалақы: (сұхбат нәтижелері бойынша талқыланады).

Алғашқы 2 айға арналған міндеттер: Кураторларды бақылау жүйесін құру, шағымдармен жұмыс істеу процестерін ретке келтіру,ақшаны қайтару пайызын төмендету және NPS деңгейін көтеру.