Вакансия: Сату маманы
Жалақы: оклад 200 000 ₸-ден, ал бонус 300 000 ₸-ден бастап.
План орындаған жағдайда сіздің табысыңыз екінші айдың өзінде 1 000 000 ₸-ге дейін жетуі әбден мүмкін.
Shanyraq Study — білім беру саласында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания. Қазір компаниямыз өсіп, команда үлкейіп жатқандықтан, Алматыдағы кеңсемізге сату мамандарын іздеп жатырмыз.
Біз балаларға арналған робототехника, математика және қазақ тілі бойынша онлайн-курстар сатамыз.
Сіз не істейсіз?
1. Клиенттерді өзіңіз іздемейсіз, күн сайын сізге орта есеппен 15–20 жаңа лид беріледі. Бұл — біздің өнімге қызығушылық танытып, өтінім қалдырған клиенттер. Сіздің міндетіңіз — клиентпен байланысу, қажеттілігін анықтау, өнімді таныстыру, тегін сынақ сабаққа жазу және сатылым жасау.
2. Клиент оқуын сатып алғаннан кейін оны оқу бөлімі қабылдайды. Әрі қарай клиентпен сіз айналыспайсыз, сатылымды аяқтап, келесі лидке өте бересіз.
Яғни сіздің негізгі міндетіңіз — өтінім қалдырған клиентке біздің курсты сату.
Біз не ұсынамыз?
1. Басқа компаниялармен салыстырғанда, көбірек әрі тұрақты жалақы.
2. Жоспарды орындағаны үшін түрлі бонустар, сондай-ақ күнделікті және апталық қосымша мотивациялық бонустар.
3. Күн сайын өтінім қалдырған жап-жаңа лидтер. Бұрыңғы клиенттерге қоңырау шалып, клиент іздеуге уақыт жұмсамайсыз.
4. Өнімді, скрипттерді, сату жүйесін және қарсылықтармен жұмыс істеуді өзіміз үйретеміз.
5. Сатылым саласында тәжірибеңіз аз болса да, қажет білімді біз береміз.
6. РОП-тың қолдауы: сіздің жетекшіңіз қоңырауларды талдап, қарсылықтармен жұмыс істеуге және сатылым нәтижесін арттыруға көмектеседі.
7. Жұмысқа қажетті барлық құрал компания тарапынан беріледі: ноутбук, наушники және жайлы орын.
Жұмыс уақыты: 11:00–20:00, кеңсеміз Алматының төрінде орналасқан.
Ең ыңғайлысы, жұмыс күні 11:00-де басталады, таңертең кептелісте тұрып, асығып жүрудің қажеті жоқ.
Қосымша:
1. Ай сайын корпоративтік іс-шаралар: командамен бірге демалып, жаңа айды жаңа қарқынмен бастаймыз.
2. Нақты мансаптық өсу
Егер :
— қазақ тілінде еркін сөйлей алсаңыз;
— уақытша емес, тұрақты жұмыс іздеп жүрген болсаңыз;
— сатылым саласында тәжірибеңіз болса;
— тәжірибеңіз болмаса да, адамдармен еркін сөйлесетін, ойын жеткізе алатын және сендіре білетін болсаңыз;
— білім беру саласында сата алатын болсаңыз сізді Shanyraq Study асыға күтеді.
Егер сату саласында дамып, жоғары табыс тапқыңыз келсе, компания ішінде мансаптық өсуге дайын болсаңыз — өтінім қалдырыңыз. Біз сізбен хабарласып, вакансия туралы толық ақпарат береміз.