БІЛІМ CONSULTING

Сату бөлімінің басшысы (РОП)

От 1 500 000 KZT
  • Астана
  • От 1 года до 3 лет
  • Управление продажами
  • Управление командой
  • Навыки презентации
  • Управленческие навыки
  • Развитие продаж
  • Казахский — C2 — В совершенстве

GeOnline — ҰБТ-ға дайындық бойынша онлайн-мектеп.

5 жыл ішінде біз 18 000-нан астам оқушыны оқытып, қарқынды дамып келеміз. Біздің оқушылар Қазақстан бойынша рекордтар орнатып, 50/50 максималды нәтижелер көрсетуде.

Қазір біз сату бөлімін кеңейтіп, команда нәтижесін жаңа деңгейге шығаратын Сату бөлімінің басшысын (РОП) іздеп жатырмыз.


Сіздің міндеттеріңіз:

  • Сату бөлімін (менеджерлерін, тимлидтерді, лидоруб және Сапаны бақылау қызметкерлерін) басқару;
  • Сату жоспарының орындалуын қадағалау;
  • Команданың конверсиясын, қоңырауларын, хат алмасуларын және сату нәтижелерін талдау;
  • Менеджерлердің жұмыс сапасын бақылау және кері байланыс беру;
  • Командадағы тәртіпті, тапсырмалардың орындалуын және дедлайндарды бақылау;
  • AmoCRM жүйесімен жұмыс істеу және есептілікті жүргізу;
  • Күн сайын команда нәтижелері бойынша Коммерциялық директорға, апта сайын СЕО-ға есеп беру.
Біз кімді іздейміз:
  • Сату бөлімінің басшысы ретінде кемінде 6 ай тәжірибесі бар;
  • Білім беру, Ed Tech немесе ақпараттық бизнес саласында тәжірибесі бар кандидаттарға басымдық береміз;
  • Қазақ тілін еркін меңгерген;
  • Жауапкершілігі жоғары, басқару қабілеті қалыптасқан;
  • Нәтижеге бағытталған және командамен (қол астында 30+ қызметкермен) жұмыс істей алатын маман.
Біз не ұсынамыз:
  • Табыстың жоғарғы шегі жоқ — нәтижеңіз жоғары болған сайын, табысыңыз да өседі.
  • Бонусы бар мотивациялық жүйе және нәтижеге байланысты қосымша төлемдер;
  • Мансаптық өсу мүмкіндігі;
  • Үздік қызметкерлер үшін компания есебінен шетелге саяхат;
  • Жас әрі амбициясы жоғары командада жұмыс істеу;
  • Қазақстан оқушыларына жоғары оқу орнына түсуге көмектесетін, маңызы бар жобаның бір бөлігі болу.

Жұмыс шарттары:

  • Формат: офлайн, Астана
  • Жұмыс кестесі: 6/1, 13:00–21:00.

Егер сіз команданы басқарып, сату нәтижесін арттыруға және бірге үлкен мақсаттарға жетуге дайын болсаңыз — біз сізді күтеміз!