-
🎨 Архитектура және сызу пәнінің оқытушысы (Онлайн)
-
QADAZ — Шығармашылық емтиханға дайындау орталығы!
Біздің миссиямыз: «Шынайы өмірге дайын, креативті тұлғаларды қалыптастыру». Біз оқушыларды тек тестке дайындап қана қоймай, болашаққа шынайы түрде бейімдейміз: жоғары сынып оқушыларымыз нақты компанияларда стағы өтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік алады.
Біздің орталықтың академиялық бөліміне балаларды жетекші жоғары оқу орындарының шығармашылық емтихандарына дайындайтын тәжірибелі Архитектор-оқытушы іздейміз!
📌 Негізгі шарттар:
-
Формат: Онлайн
-
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі – Жұма, күндізгі уақыттан кейін (16:00 – 21:00 аралығында, тұрақты)
-
Оқыту тілі: Қазақ тілі
-
Еңбекақы: Әр өткізілген сабақ үшін 10 000 теңге
-
🎯 Негізгі міндеттер:
-
Бекітілген кестеге сәйкес практикалық сабақтарды уақытылы және сапалы ұйымдастыру.
-
Әр сабаққа алдын ала мұқият дайындалу (тақырыпқа сай тапсырмалар, референстер мен қажетті материалдарды әзірлеу).
-
Оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеріп, қателерін нақты көрсету және оларды түзету жолдарын түсіндіру.
-
Әр оқушының шығармашылық және техникалық даму динамикасын қадағалап, жеке прогресін бақылау.
-
ҚазГАСА, ЕҰУ, Шабыт, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және басқа да негізгі ЖОО-лардың шығармашылық емтихан форматтарына, уақыты мен критерийлеріне сай дайындау.
-
Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, қиын сәттерде мотивациясын қолдау.
-
✨ Кандидатқа қойылатын талаптар:
-
Білімі мен тәжірибесі: Архитектура немесе дизайн саласында жоғары білім және кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
-
Емтихан талаптарын білу: Қазақстандағы шығармашылық емтихан талаптарын (ҚазГАСА, ЕҰУ, Шабыт, Жүргенов т.б.) жетік білу және оқушыларды соған сәйкес бағыттай алу.
-
Практикалық көрсетілім: Сабақ барысында сызу, сурет салу, композиция және басқа да тапсырмаларды тікелей көрсетіп, орындау техникасын түсіндіре алу.
-
Техникалық сауаттылық: Онлайн форматта жұмыс істеу үшін компьютер, планшет немесе графикалық планшетті еркін қолдана білу (қажет болған жағдайда жұмысты қағазға өзі салып/сызып көрсету мүмкіндігі).
-
Жеке қасиеттер: Балалармен жылы әрі сенімді қарым-қатынас орната алу, эмпатияның жоғары болуы, сабырлылық, оқушылардың сұрақтарына мүдірмей нақты жауап бере алу және сабақты қызықты, интерактивті өткізу.